Хабарландырулар, конкурстар, гранттар


АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

             М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы 2017 жылдың 6 сәуір және 13 сәуір күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары  студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді.

             Олимпиаданың өткізілетін орны: Алматы қ., Шевченко 97 (Масанчи көш. қиылысы),  М. Тынышпаев атындағы ҚазККА.

             Олимпиаданың қолданыс тілдері: қазақ және орыс.

             IX Республикалық студенттік пәндік олимпиада:
           1. 2017 жылдың 6 сәуір күні төмендегідей мамандықтар бойынша өткізіледі:
           1) 5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану:
           - "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" пәні бойынша, 2, 3 курс студенттері;
           - "Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру" пәні бойынша, 3, 4 курс студенттері.
            2) 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология:
            - "Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері" пәні бойынша, 4 курс студенттері;
            - "Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары" пәні бойынша, 3, 4 курс студенттері;
             3) 5В090900 - Логистика (сала бойынша):
             - "Логистика негіздері" пәні бойынша, 2 курс студенттері;
             - "Көліктік логистика" пәні бойынша, 3,4 курс  студенттері.
             2. 2017 жылдың 13 сәуір күні төмендегі мамандықтар бойынша өткізіледі:
             1) 5В074500 - Көлік құрылысы:
             - "Инженерлік геодезия" пәні бойынша, 2 курс студенттері;
             - "Құрылыс материалдары" пәні бойынша, 2-4 курс студенттері;
              2) 5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" "Өрт қауіпсіздігі" пәні бойынша, 2-4 курс студенттері.
             Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2017 ж. 17 наурызына дейін беру қажет.
             ЖОО олимпиадаға қатысушыларды тiркеу үшiн келесi құжаттар ұсынылады:
 

             Олимпиаданың I кезеңi қорытындысы мен II кезеңге өту туралы ректордың  (проректордың) қолы қойылған хат; 
             1. Қатысушының өтiнiмi (үлгісі бойынша);
             2. Әр қатысушының оқу орнынан мәлiмет;
             3. Жеке куәлiгiнің/паспорт (көшiрмесі).

             Анықтама телефондары: 8(727)292-23-12, 292-44-85; e-mail: ost.kazatk@mail.ru

             Олимпиадаға қатысуға байланысты (келу, кету, тамақтану, жатын орны) барлық шығыстар жіберуші жақ есебінен төленеді. Қонақ үйде орынды брондау қажет болса, өтініште көрсетуіңізді сұраймыз.

ҚР БҒМ сынымдары

06.04.17 күні өтетін ІХ Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу бағдарламасы

13.04.17 күні өтетін ІХ Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу бағдарламасы

IX Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға өтінім


Пәндер бойынша оқу бағдарламалары:

  1. «Тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару»
  2. «Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру»
  3.  «Жол қозғалысы инженерлік техникалық пайдалану негіздері»
  4. «Көлік техникасының энергетикалық  қондырғылары»
  5. «Логистика негіздері»
  6. «Көліктік логистика»
  7. «Инженерлік геодезия»
  8. «Құрылыс материалдары»

ҚазККА ұйымдастыру комитеті  



Құрметті әріптестер!

АҚ «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»- магистранттардың ғылыми жұмыстарын келесі мамандықтар бойынша  негізгі мекеме ретінде жыл сайынғы республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды :

  1. 6M071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары;
  2. 6M090100- Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
  3. 6M090900-Көліктегі логистика;
  4. 6M074500-Көлік құрылысы.

I республикалық байқау қорытындысы бойынша сіздердің магистранттарыңыздың үздік ғылыми жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айының 17-іне дейін II Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысу үшін ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес орындалған жұмыстарды қағаз түрінде («Республикалық байқауының МҒЗЖ үшін» деген белгімен) мына мекен-жай бойынша  қабылдаймыз: 050012, Алматы қ, Шевченко көш. 97, КазККА Ғылым мен біліктілікті жетілдіру бөлімі, каб. 2718., тел. + 7(727) 292-23-12, 292-44-85, ost.kazatk@mail.ru

Жыл сайынғы республикалық байқауда магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2016-2017 оқу жылының ҚР БҒМ  ұйымдастыру және жүргізу ұсынысы.



Уважаемые коллеги!

АҚ «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»- докторанттардың ғылыми жұмыстарын келесі мамандықтар бойынша  негізгі мекеме ретінде жыл сайынғы республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды :

  1. 6D071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары;
  2. 6D090100- Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
  3. 6D090900-Көліктегі логистика;

I республикалық байқау қорытындысы бойынша сіздердің докторанттарыңыздың үздік ғылыми жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айының 17-іне дейін II Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысу үшін ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес орындалған жұмыстарды қағаз түрінде («Республикалық байқауының ДҒЗЖ үшін» деген белгімен) мына мекен-жай бойынша  қабылдаймыз: 050012, Алматы қ, Шевченко көш. 97, КазККА Ғылым мен біліктілікті жетілдіру бөлімі, каб. 2718., тел. + 7(727) 292-23-12, 292-44-85, ost.kazatk@mail.ru

Жыл сайынғы республикалық байқауда докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2016-2017 оқу жылының ҚР БҒМ  ұйымдастыру және жүргізу ұсынысы.

 



АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2017 жылдың 3-4 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, аспиранттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін "Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе" атты XLI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Темір жол көлігінде автоматика жүйесін дамыту болашағы.
  2. Темір жол саласындағы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту.
  3. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер.
  4. IT инновациялар.
  5. Тасымалдау процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.
  6. Логистикалық жүйелер мен көліктегі тасымалдау процесінің технологиялары.
  7. Қазіргі жағдайда салалық және өңірлік экономикасын басқару.
  8. Темір жол жылжымалы құрам.
  9. Көлік құрылысындағы инновациялар.
  10. Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау.
  11. Тіршілік қауіпсіздігі және экология.
  12. ЖОО студенттердің үштілді құзыреттілігін қалыптастыру.
  13. Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері тұрғысындағы жаңа әлеуметтік мүмкіндіктер. 
  14. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті мәселелері.
  15. Дене шынықтыру және спорт.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндамалар мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі – 2017 ж. наурыз айының 10 дейін.

КазККА Ақпараттық хат Халықаралық XLI ғылыми-практикалық конференция 3-4.04.17



Құрметті әріптестер!

АҚ «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»- студенттердің ғылыми жұмыстарын келесі мамандықтар бойынша  негізгі мекеме ретінде жыл сайынғы республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды :

  1. 5В090100- Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
  2. 5В090900-Көліктегі логистика;
  3. 5В071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары;
  4. 5В074500-Көлік құрылысы.

I республикалық байқау қорытындысы бойынша сіздердің студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айының 15-іне дейін II Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысу үшін ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес орындалған жұмыстарды қағаз түрінде («республикалық байқауының СҒЗЖ үшін» деген белгімен) мына мекен-жай бойынша  қабылдаймыз: 050012, Алматы қ, Шевченко көш. 97, КазККА Ғылым мен біліктілікті жетілдіру бөлімі, каб. 2718., тел. + 7(727) 292-23-12, 292-44-85, ost.kazatk@mail.ru

Жыл сайынғы республикалық байқауда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2016-2017 оқу жылының ҚР БҒМ  ұйымдастыру және жүргізу ұсынысы.