Халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі таңда «М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» акционерлік қоғамы (ары қарай – «ҚазККА» АҚ) - Қазақстан Республикасы экономикасының көлік және коммуникация секторында жоғары білікті мамандарды дайындаудағы негізгі база болып табылады.

Халықаралық жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің миссиясы – Болон процессі қағидаларын және білім сапасына қойылатын заманауи халықаралық стандарттарды орындау арқылы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім саласында жоғары сапалы білім беру қызметін көрсету, академия қызметіндегі интернационализациялауды қамтамасыз ету, «ҚазККА» АҚ-ның танымалдығын жоғарылату.

Академия жоғары мектеп дамуының әлемдік тенденцияларына сәйкес болуға және дүниежүзілік білім беру кеңістігіне келесі жолдар арқылы интеграциялануға ұмтылады:

- әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен, білім беретін ғылыми мекемелерімен тиімді және тұрақты байланыстарды іздестіру, орнату және дамыту;

- жаңа халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар мен студенттермен алмасуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды іздестіру, бағдарламалар туралы ақпаратты тарату және «ҚазККА» АҚ-ның білім алушылары, ОПҚ мен қызметкерлеріне кеңес беру;

- академиядағы білім алушылардың, ОПҚ мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын, сонымен қатар «ҚазККА» АҚ-ға шетелден білім алушыларды шақыруды қамтамасыз ету;

- көптілді білім беруді дамыту;

- дәріс оқу, ортақ іс-шараларды жүргізу және т.б. мақсаттар үшін шетел мамандарын шақыру.

         Бүгінде университетте Германия, Франция, Нидерланды, Испания, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, Латвия, Литва, Болгария, Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты шамамен 20 алыс және жақын шет елдің 115 жоғарғы оқу орындары, мекемелері және ғылыми-зерттеу институттармен ортақ келісім-шарттар мен меморандумдар негізінде әр-түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

         Академиялық ұтқырлық – «ҚазККА» АҚ-дағы халықаралық қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл қызмет бакалаврларға, магистранттар мен жас ғалымдарға шетелде білім алуды жалғастыру үшін және ғылыми тәжірибе алу үшін мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытудың негізгі мақсаты – білім алу сапасын көтеру, түрлі халықтар мен мәдениеттер арасында өзара түсіністікті жақсарту, халықаралық ақпараттық ортада өмірге және жұмысқа даярланған жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

         Сонымен қоса, академия ТЕМПУС бағдарламасының 2 халықаралық жобасына қатысады:

- «Білім Үшбұрышында инновациялардың тұрақты дамуы үшін Орталық Азиядағы иннозертханалар» (INOCAST) жобасы. Жобаның орындалу мерзімі – 01.12.2013 - 30.11.2016 жж. Ол негізінен Білім Үшбұрышында инновацияларды дамытуға арналған тұрақты, тәжірибеге негізделген және пайдаланушыға бағыталған инфрақұрылымды жетілдіру саласындағы Орталық Азия университеттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

- «Білім беру мекемелерін жетілдіруге Адамдардың біліктілігін арттыру арқылы көмектесу (PEOPLE)» жобасы. Жобаның орындалу мерзімі: 01.12.2013 – 30.11.2016 жж. Ол жоғарғы оқу орындарында, жоғары және орта білікті менеджерлердің компетенцияларын адам қорларын басқару және қызметкерлер біліктілігін дамыту стратегиясын жасау негізінде экономикалық өзгерістер мен жаһандану процесстері жағдайында серіктес елдердің жоғарғы оқу орындарында болатын мәселелерді (сын-тегеуріндерді) шешуге бағытталған.

Академияның халықаралық жобалар мен білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуы, келісім-шарттар мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының орындалуы -  озық халықаралық тәжірибемен танысу және енгізу, кәсіби білім және біліктілікті арттыру, жаңа идеяларды жасау мен жүзеге асыру, академияның имиджін жақсарту мақсатында студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен мүмкіндік жасайды.