Миссия және стратегия

ҚазККА миссиясы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы сапасы жоғары білім қызметін беруге қол жеткізу, Болон үдерісі қағидаттары мен қазіргі кездегі халықаралық сапа стандарттарын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының көлік-коммуникациялық секторына арналған кадрларды дайындау бойынша ұлттық білім кеңістігінде көшбасшысы болу.

Миссия академияның білімді, ғылым мен өндірісті интеграциялау, материалдық-техникалық базаны және академияның кадрлық потенциалды нығайту, қазіргі әдістер мен технологияларды оқу процесінде қолдану арқылы кадрларды дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге ұмтылысын айқындайды.

ҚазККА келешектегі көрінісі -  көлік-коммуникациялық кешені үшін жоғары кәсіби мамандарды дайындау бойынша Қазақстан мен шетелде танылған жоғары оқу орны, көлік және телекоммуникация саласындағы жаңа техника мен технологияны енгізумен қатар нормативтік-техникалық құжаттарды дайындау саласындағы жетекші инновациялық орталық.

Миссияны қабылдау академия ұжымынан басым стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтауды талап етеді.

ҚазККА-ның жоғары мектеп дамуындағы әлемдік тенденцияларға сәйкес келіп және әлемдік білім кеңістігіне жинақталуы білім қызметінің дамуымен байланысты мақсаттар мен міндеттердің стратегиялы бағытын негіздейді.

Басты міндет – тез өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделуге қабілетті, құзіреті жоғары, білікті мамандарды дайындау.

Мамандарды дайындау сапасының негізгі өлшемі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және олардың еңбек нарығындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуші жоғары шеберлік болып табылады.

Академия дамуының стратегиялық міндеті:

1.  Білім қызметі  сапасын көтеруді қамтамасыз ету;

2.  Тәуелсіз ұлттық және халықаралық аккредитация тәртібінен өту;

3.  ҚазККА-ның халықаралық рейтингке қатысуы және алға жылжуы;

4.  Елдің ғылыми-техникалық және инновациялық саясатымен білім жүйесіне қамтамасыз ету;

5.  Өмір бойы білімді қамтамасыз етуші білім қызметін көрсету болып табылады.

6.  ҚазККА дамуының 2011-2015 жылдағы стратегиялық жоспарының мақсаты академияның оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының мазмұнындағы позитивтік өзгерістердің әрекеттік факторы ретінде ҚазККА профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың бірлескен жұмыстарының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуші шаралар кешенін анықтау болып табылады.

7.  Даму стратегиясымен үш негізгі мақсаттар анықталады:

1-Мақсат. 2020 жылы жоғары білім сапасы ең үздік білім саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.

Міндеттері:

1.  Қазақстанның жоғары мектебінің Болон үдерісінің негізгі өлшемдеріне сәйкес қызмет етуі;

2.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын көтеру;

3.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрлар экономика саласына, соның ішінде елдің өндірістік-инновациялық даму жобаларының саны үшін дайындау.

2-Мақсат. Елдің өндірістік-инновациялық жылдам дамуын ғылыми және ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

Міндеттері.

1.  Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-құралымдық жұмыстардың сапасын көтеру

2.  Зерттеу қызметіне ғылыми кадрлар дайындау

3-Мақсат. Патриоттық сана-сезімі мен азаматтық жастар белсенділігін көтеру.

Міндеті. Жастардың азаматтық белсенділігін және патриоттық тәрбиесін көтеру.

2011-2020 жылдарға арналған ҚазККА даму стратегиясы