Жұмысқа орналастыру



1. Ақпараттық графика

2016 жылдан бастап М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында Стратегиялық даму және мансап бөлімі құрылып, жұмыс істеуде.

СДжМБ ұйымдастырудың мақсаты – ҚазККА даму стратегиясын қалыптастыру, «ҚазККА» АҚ бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

Бөлім қызметкерлері жұмыс берушілермен байланыс орнатып, тығыз жұмыс істейді. Бөлім әлеуетті жұмыс берушілер (түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар) банкін жинақтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Студенттер мен түлектерді тәжірибелік дайындау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша академия "ҚазақстанТемірЖолы" Ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорндарының бірі болып табылады.  Оның құрамына "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Жүк тасымалы" АҚ, "Қазтеміртранс" АҚ, "Казтранссервис" АҚ, "Қамқор" Жөндеу корпорациясы ЖШС, "Транстелеком" АҚ, "KTZ Express" АҚ, "Локомотив құрастыру зауыты" және т. б. еншілес кәсіпорындары кіреді.

Жыл сайын ЖОО оқытудың соңғы айларында арнайы комиссия түлектерді «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалдарына және жас мамандарға мұқтаж жеке ұйымдардың жұмыс орындарына бөледі.

Сондай-ақ Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасымен бірлесе отырып, ҚазККА түлектерін бос жұмыс орындарына орналастыру және оларға ақылы тағылымдамадан (тәжірибеден) өту мүмкіндігі беріледі.

ҚазККА жанынан Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларында орналасқан колледждер жұмыс істейді, онда студенттің (электромонтер, машинист, жүк вагондарын жөндеу бойынша слесарь, вагондарды тексеруші слесарь, жолсерік, жол монтері, бухгалтер) мамандығын алып шығуға мүмкіндігі бар. Жұмысшы мамандығын алып шығуы мемлекеттік үлгідегі куәлікпен және оған берілген қосымшамен расталады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған колледждерде (Шымкенттегі колледжден басқа) қашықтықтан оқыту Өңірлік орталықтары бар, онда бакалавриат мамандықтары бойынша қашықтықтан білім алу мүмкіндігі бар. 

 

2. Стратегиялық даму және мансап бөлімі

 

Қызметкерлері

Монастырский Алексей Давыдович
Басшысы
+7 (727) 292-07-07, monastyrskiy.al@mail.ru

Кулубаев Ертужан Ержанович
Жетекші маман
+7 (727) 292-07-07, kulubayev.ertuzhan@gmail.com

Уразаева Динара Тажибаевна
Жетекші маман
+7 (727) 292-07-07, dinara880313@mail.ru

Байланыс телефондары

Телефон: +7 (727) 292-07-07
Эл.пошта: strategy.career@kazatk.kz

 

3. Бітірушілерге арналған ақпарат

Пайдалы сілтемелер:

Түйіндемені қалай жазу керек:

http://www.enbek.kz/docs/kk/node/2218
http://gojob.kz/career/resume/shablon_resume.html
http://www.kontakt.kz/articles/detail/24
http://yvision.kz/post/314824
http://24rabota.kz/text.php?link=6

Жұмысқа орналасу бойынша кеңестер:
https://egov.kz/cms/kk/articles/trudousstroistvo

 

Жұмысты мына жерден табуға болады:

http://www.vacancy-kz.kz
http://www.enbek.kz/kk
http://hh.kz
karierist.kz
job.kz
zarplata.kz
24rabota.kz
joblab.kz
kzwork.com
https://rabota.yandex.kz/