Ғылыми кеңес



Академияның Ғылыми кеңесі Президент-ректорының бұйрығымен құрылады.
Академия Ғылыми кеңесінің құрамына Президент-ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамының, академияның студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.
Президент-ректор «ҚазККА» АҚ Ғылыми кеңесінің төрағасы болып табылады. Төраға Ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасы, Жарғы, Ғылыми кеңес туралы ережеге, Ғылыми кеңес жұмысының регламентіне сәкес қамтамасыдандырады. Төраға төраға орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары оның міндеттерін атқарады.
Академия Ғылыми кеңесінің жұмысын және іс қағаздарын жүргізуін Ғылыми кеңес хатшысы қамтамасыз етеді.
Академия Ғылыми кеңесі қызметінің мақсаттары:
- академия жұмысын бағыттау және қазіргі заманғы талаптарға сай келетін жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында оқу және оқу-әдістемелік жұмысты әрі қарай дамытуға қолдау жасау
- кәсіптік білім беру бағдарламалары сәтті іске асырылу мақсатында білім алушылар мен профессор-оқытушы құрамына қолайлы жағдайларды жасау
- қаржылық көмек көрсету аясын дамыту, академияның материалдық-техникалық базасын нығайту.
Академия Ғылыми кеңесінің құзіреті
• академияның құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, инситут, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
• академияның оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
• академияның Президент-ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің жыл сайынғы оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпаратты, қаржы-шаруашылық пен әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы есептерін тыңдайды;
• академияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
• жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;
• оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;
• оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
• студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына туралы шешімдер қабылдайды;
• ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі шешімдерді қабылдайды;
• қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атағын тағайындауға кандидаттарды ұсынады;
• академия қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға, құрметті атақтарға ұсыну жөніндегі мәселелерді қарастырады;
• алқалық шешімді қажет ететін академия қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

«М. Тынышпаев атындағы ҚазККА» АҚ Ғылыми кеңесі
Бугенова Лэля Аманжоловна
Ғылыми кеңес хатшысы
+7 (727) 292 38 64


2015-2016 оку жылындағы академия Fылыми кеңесінің жұмыс жоспары

Ғылыми Кеңесінің жұмыс регламенті

Ғылыми Кеңесінің қаулысы

Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы

Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі

Нұсқаулық хат