Практика

 

Білім алушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекіту мақсатында, академия «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелердің және еншілес кәсіпорындардың базасында өндірістік практикасын ұйымдастырумен айналысады.  

Әрбір мамандық бойынша практикалардың базалары тиісті салалардың ең маңызды кәсіпорындардың, мекемелері мен ұйымдардың арасынан анықталады.     

Білім алушыларды тәжірибе орындармен орталықты қамту мақсатында, академия ірі кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен практиканы өтуге және кейін жұмысқа орналастыруға  ұзақ мерзімді шарттарды жасау бойынша   жұмыстар жүргізеді

2015-2016 оқу жылында барлық студентер орындарында нақты өндіріс пратикасын өтеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында студенттердің жалпы сандарынан 75,6%, ал басқа ұйымдарда шарт негізінде - 24,4 %  өндірістік практикасын өтеді.

Жоғарғы білім,  ең алдымен, ұлттық экономиканың ағымдағы және келешектегі сұранысын қанағаттандыруға бейімделуге тиіс. Сонымен қатар үкімет алдына «кәсіпорындарында міндетті өндірістік практикасын заңды етіп, ЖОО-да екінші курстан бастап бекіту туралы»  міндет қойылған.  

Студентердің практикасы 1 курстан басталады және оқу, өндірістік және диплом алды практикалардан тұрады.

2015-2016 оқу жылында академия бойынша 470 студент оқу практикасын өтті.  2014 жылы ФЦ кадрмен бірлесіп тәлімгердің жетекшілігімен өндірістік практикасын ұйымдастыру Ережесі жетілдірілді.   

2015-2016 оқу жылында «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында екінші жылы ақылы өндірістік практикасы ұйымдастырылды, 3 курстан – 89 студенттер өтті.    

 


Мамандықтар бойынша өндірістік практика өтетін базалар туралы ақпарат:


Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау

Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Көлік құрылысы және құрылыс

Есеп және аудит, Финанс, Экономика

Электроэнергетика

Автоматтандыру және басқару

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және Ақпараттық жүйелер

Логистика – (сала – Көлік)

Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Көлік, көлік техникасы және технологиялар