Қазақстан көлік одағы


2016 жылдың 07 қыркүйегінде М. Тынышпаев атындағы ҚазККА алаңында   «KAZLOGISTICS» (Қазақстан көлік одағы) «Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтардың Одағы»  ЗТБ Президиум мүшелерінің мәжілісі өтті.  

Отырысқа «KAZLOGISTICS» «Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтардың Одағы»  ЗТБ Президиум мүшелері  қатысты.

 

Мәжіліске қатысқан Одақ Президиумының мүшелері:

 

1)

Лавриненко Юрий Иванович

Президиум  Төрағасының орынбасары

 

2)

Есенғарин Нығматжан  Қабатайұлы

Одақтың құрметті Төрағасы,

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар  қауымдастығы» ЗТБ,

«Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон операторларының қауымдастығы» ЗТБ құрметті Төрағасы

3)

Әлмағамбетов  Қанат Есмұханұлы

Одақ Президиум мүшесі, Одақтың Бас директоры

 

4)

Әліғожанов Серік Қарабатырұлы

Одақ Президиум мүшесі, «ҚР автокөлік Одағы» ЗТБ басқармасының Төрағасы

5)

Юдин Николай Васильевич

Одақ Президиум мүшесі, «Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҰЗТБ атқарушы директоры

6)

Каплан Теодор Лазаревич

Одақ Президиум мүшесі, «Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы» ЗТБ Бас хатшысы

7)

Сегал Илья Павлович

Одақ Президиум мүшесі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры,

«Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон операторларының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры

 

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер талқыланды:

  1. 2016 жылдың 8 айы ішінде Одақтың орындаған жұмыстары туралы ақпарат. 
  2. Одақтың үстіміздегі жылдың аяғына дейінгі өткізетін негізгі шаралары 
  3. 2016 жылдың I-ші жартыжылдығындағы Одақтың қаржылық-шаруашылық туралы есебіне қатысты.   
  4. Одақ мүшелерінің жарна төлеуі және 2016-2017 жылдарға арналған ҚР «Атамекен» ҰКП үлгілік келісім-шарт шеңберінде олармен жұмыс жасау саясаты. 
  5. Әр түрлі:
  1. Ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметтер бойынша Одақ Үйлестіру кеңесінің және инфрақұрылымдық, транзиттік және көліктік-логистикалық жүйені дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамдарын жаңарту. 
  2. Одақтың «Қазақстан Республикасы көлік саласын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» Құрмет медалімен марапаттау туралы.
  3. Одақтың ресми баспа органы «Транс-Logistics Казахстан» журналы редакция алқасының жұмысы туралы есеп.  
  4. «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері Одағы жанындағы ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызмет бойынша Үйлестіру кеңесі бекіткен Жол картасы негізінде ТЖЫҰ, көлік саласын зерттеу Академиялық одағы (КЗАО) мен Қазлогистик  сияқты серіктес ұйымдардың қатысуымен көлік саласының техникалық мамандықтарын  сертификаттау бойынша бірыңғай халықаралық аккредиттеу органын құрудың тиімділігі.