АКАДЕМИЯ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТАҚХАНАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ


25 ақпан 2017 жылы академия оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған шағын отбасылық жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арқасында жүзеге асты. Шағын отбасылық жатақхана академияға жас әрі болашағы зор мамандарын тартуға көмектеседі.

Шағын отбасылық жатақхананың ашылу салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі Вице – президенті Имашев Эрик Еркинұлы, адамдық ресурстарын басқару департаментінің директоры Жапарқұл Нұржан Бейсенбайұлы, PR департаментінің директоры (Цпресс) Кубенкулова Лара Канайбекқызы, консультациялық кеңестің мүшесі Самбетов Калтай Самбетұлы.

Делегация Алматы қаласының Тимирязев көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабаттық ғимаратты салтанатты түрде ашты. Жобаны іске асыру арқылы ҚазККА баспанасыз қызметкерлеріне ведомстволық тұрғын үй ұсыну өзекті проблемасын шешеді, сонымен қатар академияға болашағы зор мамандарды тартады.

Шағын отбасылық жатақхана КазККА-ның өз қызметкерлеріне қамқор, қаланың өмір сүру деңгейін көтеруге атсалысатын әлеуметке бағытталған компания екенін көрсетеді.