ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ: ҚАРСЫ ТҰРУ ЖОЛДАРЫ


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып академияның 1 курс студенттері Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу модераторы: Мырзалиев Серік Қожахметұлы профессор, философия ғылымының докторы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы  болды. Сондай-ақ, исламтанушы, сараптама және зерттеу орталығының бөлім басшысы Құдайқұлов Тұрсын Танатарұлы кездесуде қонақта болды.  

Кездесудің мақсаты – жастарға дін ағымындағы актуалды мәселелерді талқылау, қоғамға үлкен қауіп төндіретін толық дәстүрлі емес ағымдар мен олардың әсерінен алдын алу жолдары жайлы студенттер үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстары.

Кездесу барысында «Кері ағымдар» атты 2 тілде видеороликтер көрсетіліп, студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.