8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ


Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ҚазАТК-да ерекше тойланып өтті. Академияның ер-азаматтары дайындаған мерекелік жиын биыл да жоғары деңгейімен есте қалды. Ардақты әже, аяулы ана, сүйікті қыз-келіншектер мерекесіне арнап қазақ эстрадасының жас әншілері өнер көрсетті.

Күнделікті қарбалас жұмыс барысында емес, бейресми форматта мерекелік көңіл-күймен өткен жиын ешкімді де бейжай қалдырмады. Академияның акт залына жиналған нәзік жанды көрермен аяулы да асыл жандылардың мейрамын ұлықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған академияның ер-азаматтарына жоғары бағасын берді.

Көгілдір көйлегі көлбеңдеп, ерке көктеммен ере келген әдемі мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!