Менің студенттер үйім – менің мақтанышым!


Тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастыруымен Студенттер үйінде тұратын академияның 1 курс студенттері арасында «Менің студенттер үйім – менің мақтанышым!» атты үздік бөлмелерге арналған байқау өтті.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіліп, жеңімпаздар анықталды:

  1. «Қыздардың үздік бөлмесі» - 203 бөлме, СҮ №3;
  2. «Ұлдардың үздік бөлмесі» - 101 бөлме, СҮ №3;
  3. «Ең ерекше бөлме» - 502 бөлме, СҮ № 4;
  4. «Ең креативті бөлме» - 206 бөлме, СҮ №3 және 321 бөлме СҮ №2;
  5. «Ең көгалдандырылған бөлме» - 201 бөлме СҮ №3;
  6. «Ең үлгілі бөлме» - 117 бөлме, СҮ №3;
  7. «Ең жайлы бөлме» - 509 бөлме, СҮ №1;
  8. «Ең таза бөлме» - 121 бөлме, СҮ №3;
  9. «Ең үздік Студенттер үйі» - Студенттер үйі №3

Байқаудың қорытындысы 10.03.2017 күні «МИСС КазАТК-2017!» байқауында жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бұл байқау жыл сайын тәрбиелік мақсатта студенттердің жан-жақты қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырылады.