Наурыз мейрамы


       19 наурыз Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы қарсаңында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында құрылымдық бөлімдер арасында салт-дәстүрлер бойынша келесі ауылдарға бөлініп, көріністер көрсетілді:

       1-ші ауыл: «Құда түсу» салтын көрсету Көлік колледжі;
       2-ші ауыл «Сырға салу» салтын көрсету – Логистика және басқару факультеті;
       3-ші ауыл«Қыз Ұзату» салтын көрсету – Автоматтандыру және телекоммуникация факультеті;
       4-ші ауыл«Бесіктой» салтын көрсету – Оқу әдістемелік жұмысы проректорының блогы;
       5-ші ауыл«Тұсаукесер» салтын көрсету – Шаруашылық жұмысы бойынша атқарушы директорының блогы;
       6-шы ауыл«Сүндетке отырғызу» салтын көрсету – Ғылыми жұмыс және қарым-қатынас бойынша атқарушы директорының блогы;
       7-ші ауыл«Тілашар» салтын көрсету – Көлік техникасы және құрылыс факультеті.

Және де ұлттық спорттық ойындар бойынша жарыстар өтті.Студенттер өздерінің қызығушылықтарын келесі жарыста танытты: қазақ күресі, кол күресі, арқан тартыс, гір көтеру, тоғыз құмалақ, асық ату