"EXPO барып қайтайық" жоба шеңберінде "Болашаққа қайтып" атты іс-шара өткізілді


         "Болашаққа қайтып" жобасы - бұл танымдық сипаттағы іс-шара. Мақсаты - келушілерге, студенттерге, қаланың қонақтарына EXPO тарихын көрсету.
         Бірінші күн, 2017 жылғы 10 сәуір, бұл алғашқы қала – Лондон. Англияның астанасында алғашқы рет EXPO дүниежүзілік көрмесі өтті, осы себепті 10 сәуір күні таңертең оңтүстік астана Алматыға кіретін  және шығатын белгілер қойылған барлық тақтайшалары Лондонға өзгертілді.     
        Қоғамдық көліктерде және метрополитенде ағылшын музыкасы ойнап тұрды, еріктілер ағылшын  тілінде қызықты нәрселер айтып, "Болашаққа қайтып" жобасы туралы ақпараты бар парақтар таратты.
        Сағат 17:00 жоғары оқу орындарының студенттері жобаның негізгі орны "PROMINADE" сауда орталығының жанына жиналды. Сол жерде Лондон қаласының бас символы "Big Ben" тұрды. Жастар әні ойнап тұрды. Айналасында Лондонның ахуалы сезіліп тұрды. Сол күннің ең басты жаңалығы  Патшайымның шеруі болды.
        Патшайымның шеруі Республика Сарайынан басталып, "PROMINADE"сауда орталығына дейін жалғасты.
        Жүк арбаның үстінде отырған Патшайымға өз нөкерлерімен қатар,  гвардиялық күзет пен М. Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация аадемиясының студенттері еріп жүрді.
        Патшайым межелі жерге келіп жеткенде, негізгі мереке басталды. Англия патшайымы үшін жаппай флешмоб ұйымдастырылды. Оған әр түрлі ЖОО студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Кеш ағылшын музыкасымен жалғасты. "The Beatles" әнін орындаған біздің студент Болекпай Алихан ерекше есте қалды.  
       Аталған жобаны "G-38" ұйымы мен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ҚазККА белсенділері ұйымдастырды. Лондон қаласын таныстыру "Big Ben" айналасында Патшайыммен жаппай суретке түсумен аяқталды.