Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру


   2017 жылдың 19 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы ҚазҚҚА мәжіліс залында ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын талдау өтті.
   Мырзалы С. К. – ф.ғ.д., "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының профессоры. Отырысты аша отырып, мақаланың негізгі бағыттарын қолдап, осы түзетулердің артықшылықтарын айтып, латын әліпбиіне көшуге байланысты өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, ол Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин секілді белгілі жазушылар, ғалымдар мен көрнекті қайраткерлеріміздің латын қарпін қолданғанын атап өтті.  Әрбір қоғамда өзгерістерге қарсы тұратын, ыңғайлы сәтті күтетін, парықсыз, енжар, ел азаматтары санасының, ойының, тәрбиесінің дамуына кедергі келтіретін адамдар тобы болатынын атап өтті.  Сонымен қатар, С.Қ. Мырзалыға әлемнің 100 үздік кітабын қазақ тіліне аудару идеясы ұнады.
   Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г.Т. Мерзадинова Елбасының мақаласында көрсетілген негізгі бағыттарды іске асыру жалпы экономика, инфрақұрылым мен білім берудің барлық салаларының жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ететінін атап өтті, және адамдардың сана-сезіміне  өзгерістер енгізе отырып, қоғам  өз ойлау қабілетін дамытады, ал бұл өз кезегінде еліміздің дамуының маңызды факторларының бірі болып табылатынына ерекше көңіл аударды. Көптеген дамыған елдер әр түрлі өзгерістер енгізудің көмегімен азаматтарының ойлау қабілетін және санасын өзгертті. Бұл елдің дамуына үлкен серпіліс әкелді. Мысалы, Оңтүстік Корея бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің бірі болып табылады. Бұған олар  дамыған инфрақұрылымның көмегімен ғана емес, күнделікті оқу, яғни өз қызметкерлері үшін семинар өткізу арқылы қол жеткізді. Осыған байланысты, Гульнара Тынышбаевна латын әліпбиіне көшу идеясын қолдайтынын айтып, ҚР азаматтарының ойлау қабілетін дамыту және өзгерту арқылы біздің Республикамыз әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрінеді деген сенім білдірді.
   Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ұ.С. Құттыбаев Ұлт Көшбасшысы - Н.А. Назарбаевтың мақаласына сәйкес жаңалықтарды қолдайтынын айтты, бұл бізге даму жолында үлкен серпіліс беріп, әлемдік тіл – ағылшын тілін үйренуге көмектесетінін атап өтті. Өйткені әлемдік инновациялар бойынша еңбектер бірінші кезекте ағылшын тілінде шығарылады, ал 100% жаңа ақпараттың 10% ғана орыс тіліне аударылса, тек 1% - қазақ тіліне аударылады. Мысалы, әлемдік тарихтан белгілі, Түркия латын әліпбиіне біздің елімізден кейін көшті, олардың дамуына бұл оң пайдасын берді, ол бүгінгі күні инфрақұрылымның барлық бағыты бойынша әлемнің дамыған елдерінің бірі болып табылады.
   Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының меңгерушісі Анасова Қ.Т. оқу бағдарламасына қоғамдық, әсіресе студенттік жастардың, санасын тәрбиелеуге және жаңғыртуға бағытталған пәндерді енгізуді ұсынды. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланып, оқу процесінде жүзеге асырылуы тиіс нақты жобалар сөз болды.