Салафиттерді танып білу


   Ағымдағы жылдың 27-ші сәуірінде М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-да Дін істер басқармасы қызметкері – теолог академия қызметкерлері мен топ кураторларына «Салафиттерді танып білу» тақырыбында түсіндірме семинарын өткізді.
    Кездесудің мақсаты – қоғамға үлкен қауіп төндіретін толық дәстүрлі емес ағымдарда жүрген жастарды танып білу жұмыстары.
    Кездесу барысында «Салафиттерді» сырт келбетіне байланысты және белгілі сұрақтар қою арқылы ажырата білуге болатынын айтып өтті.
    Абу Ханифа масхабын (яғни, дұрыс масхаб) ұстанатындардың намаз оқу әдебі мен «Салафиттердің» намаз оқу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде көрсетіп, түсіндірді.
   «Кері ағымдар» атты видеороликте елімізде қандай дұрыс емес діни ағымдар бар екендігі көрсетілді.
   Кездесу барысында қызметкерлер мен топ кураторлары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, толықтай қанағаттандыратын жауаптар алынды.