ЖШС «Қамқор Менеджмент» кадрларды даярлау


      ҚазККА кадрларды дайындаудың салалық моделін іске асырады. 2014-2015 оқу жылынан ҚазККА «Қамқор Менеджмент» ЖШС үшін кадрларды мақсатты дайындауды бастады. Осы оқу жылында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша 12 студент, «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша 25 студент «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниясы тобының 37 студент-жұмысшылары ойдағыдай диплом жұмыстарын қорғады.
      МАК төрағалары Исинаманов Б.А., Тулебаев С.К., Сабетов А.С. олардың ең алдымен өндірістегі жұмыс тәжірибесімен байланысты білім деңгейлерінің жоғарылығын атап өтті.