ҚазККА ұжымының "Мәңгілік полк" шеруіне қатысуы


       9 мамыр "Жеңіс Күні" мыңдаған алматылықтар, оның ішінде, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенттері, ПОҚ және қызметкерлері "Мәңгілік полк" шеруіне қатысты.
           Академия ұжымы мен студенттері соғысқа қатысқан ата-бабаларының, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерімен соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіне дейін барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
           Шеру Астана алаңынан басталып, Төле би көшесімен 28 панфиловшылар паркіне дейін жалғасты.
           Бұл іс-шараның мақсаты – бізге бейбіт өмір сыйлаған даңқты даңқты батырларымызды, ата-бабаларымызды ұмытпай, олардың ерлігіне тағзым ету.