Біз Сіздерді ұмытпаймыз, біздің даңқты батырларымыз!


         Батырларды еске алу және "Жеңіс Күніне" арналған мерекелік іс-шаралар №1 және №4 студенттер Үйінде жалғасын тапты. Кеш "Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау" кафедрасының доценті, т.ғ.к. Жүсіпов Кеңес Амирловичтың батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерлік істері туралы әңгімесімен ашылды.
        Студенттерге Ресейдің Псков облысына Ә. Молдағұлова мен М. Мәметованың соғысқан және даңқ жерлері, ескерткіштері бойынша академия студенттерінің сапары туралы фотосуреттер көрсетілді.
Қорытындысында Кеңес Амирлович делегацияның Мәскеудегі Молдағұлова даңғылында орналасқан Ә. Молдағұлова атындағы 402 мектеп-лицейде болып, батыр қызымыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойғандығы туралы айтып берді. Студенттер қызығушылық танытып, ҰОС ерліктер мен батырларымызға байланысты сауалдар қойды, факультет декандары мен студенттері К.А. Жусуповқа алғысын білдірді.
       Кеңес Амирлович ата-бабабаларымыздың ерлігі алдында тағзым етіп бас ию – біздің міндетіміз екенін атап өтті. Сондықтан біздің отандастырымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімі ұмытылмас үшін тер төгуде. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қос шынары Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері мәңгілік есте қалуы тиіс.